Ақтөбеде ұлттық киім үлгілерінің көрмесі өтті
Өңірде алғаш рет «СЫБАҒА» дәстүрлер фестивалі ұйымдастырылды.
Ауқымды шараның екінші күні «ДӘУІР ДЕФИЛЕСІ» деп аталып, ұлттық киімдер мен қолөнерге арналды. Мұнда сән көрсетілімі мен он саусағынан өнер тамған зергерлердің әшекей бұйымдарын тамашалауға болады. Елімізге танымал 40-тан астам этнограф пен үздік дизайнерлер ұлттық киім үлгілерін жұрт назарына ұсынды. Көрмеге қойылған бұйымдарға этнографиялық мұражайлар мен көрмелерден бөлек, сауда орындарынан да сұраныс түсуде.
Эльмира Шермұхамбетова, қолөнер шебері:
- Негізгі мақсатым ою-өрнек арқылы адамның жан-дүниесіне рухани байлық сыйлау. Біздің ұлттық дүниемізды жаңғырту. Өйткені әдемі киім, біздің өрнектің сұлулығы адамның руханиятын дамытады. Оны адами құндылықтарын өсіреді. Және біздің ұлттық негізіміздің, ұлттық болмысымызды, руханиятымызды көтеру.
«Сыбаға» дәстүрлер фестивалі бес күнге жалғасады. Ертең өңір тұрғындары мен қала қонақтары аңшылық және ұлттық спорт түрлерін дәріптейтін «Салбурын» жарысын тамашалай алады.
Асхат Шахаров, облыс әкімі:
- Президентіміз мына Ұлттық құрылтайда атап өткен мына ұлттық идеологияға байланысты соның ішінде салт-дәстүр. Негізгі тәуелсіздік деген ұғымнан бастап заң мен тәртіппен аяқтаған болатын. Соған байланысты біздің өңірде де біраз шараларды, жобаларды іске асыру мақсатында осындай фестивальді ұйымдастырып келеміз. "Сыбаға" деген өзіңізге белгілі түсінік. Жалпы осы фестиваль аясында біз салт-дәстүрімізді насихаттау, өскелең мына жастарға жеткізу. Соның аясында бір аптаның ішінде бізде осындай шаралар өтетін болады.