«S.O.S» қойылымының премьерасы өтті
Елордада музыкалық жас көрермен театры «S.O.S» атты драма жанрындағы қойылымының премьерасы өтті.
Спектакль «Астана – есірткісіз қала» жобасы аясында ұйымдастырылды. Сахнада нашақорлық қасіреті суреттеліп, жеңіл жолмен ақша табуға ұмтылған есірткі таратушылар жайы баяндалды.
Елордада музыкалық жас көрермен театры «S.O.S» атты драма жанрындағы қойылымының премьерасы өтті. Спектакль «Астана – есірткісіз қала» жобасы аясында ұйымдастырылды. Сахнада нашақорлық қасіреті суреттеліп, жеңіл жолмен ақша табуға ұмтылған есірткі таратушылар жайы баяндалды.
Апинның ақыры – ауыр қасірет. Қойылымда әртістер есірткіні тұтыну ғана емес, оны таратудың да соңы жақсылыққа апармайтынын суреттеді. Осылайша, ұжым жастарға бағдар болуды мақсат еткен.
Аман Ғұмаров, қоюшы режиссер:
- Қазіргі өскеклең ұрпаққа, жастарға өнеге болатындай, үлгі болатындай ауқымды оқиғаны алуға тырыстық. Бұл оқиға бір отбасының ғана басынан өткен жағдай. Соны біз көрерменге ауқымды етіп ұсынып отырмыз.
Спектакль «Астана – есірткісіз қала» жобасы аясында өткізілді. Қойылымды көруге жастар көп жиналды. Әкімдік мектеп оқушыларын да арнайы шақырған.
Салтанат Сыйлыбайқызы, қалалық Мәдениет басқармасының бөлім басшысы:
- Білім басқармасымен бірлесе отырып, мектеп оқушыларын шақыртып, осы қойылымды көрсету мақсатынды, мұның дерт екенін, бқл жолға түспеу керек жөнінде қойылған болатын.
Көрермендер қарасы қалың болды. Оның 50-і – оқушы. Балалар қойылымнан үлкен әсер алғанын жеткізіп, кейіпкерлер оқиғасы сабақ болғанын айтады.
Авторлары: Бекзат Аманов, Артур Горшняков