«Жап-жас ата» фильмі экранға шықты
Tiger Films продюсерлік компаниясының «Жап жас ата» атты комедиялық драмасы үлкен экранға жол тартты, деп хабарлайды 24kz.
Картинаның алдын ала көрсетілімі Алматыдағы Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында өтті. Бұл – кореялық Big Ocean компаниясының 2008 жылы шыққан «Бәлеқорлар» картинасының ремейкі
Аршын Кемелжан, тілші:
- «Жап жас ата» фильмнінің басты кейіпкері – сүрбойдақ Дархан есімді танымал радиожүргізуші. Ол күтпеген жерден қызық жәйтқа тап болады. Кішкентай баласы бар әйел іздеп келіп: «Мен сіздің қызыңызбын, ал мына бала немереңіз», - дейді. Ойламаған жерден ата болып шыға келген Дархан бұл жаңалықты елден жасыруға тырысады. Осылайша, үш кейіпкердің таныстығы шытырман оқиғаға ұласады.
Олжас Тоғымбет, актер:
- Енді бірініші дорама деп айтып жатыр. Бұйырса, көңілден шығады деген ойдамыз. Өте қызық, себебі өзіміз де тырқылдап күліп, өзіміз де біраз импровизация жасап, режиссер болсын, Мона болсын. Қай жерден естісем де, тиктокер деп айтатын. Шынымды айтайын, нағыз талантты актриса.
Big Ocean – кино және медиа саласындағы ірі оңтүстік кореялық компания. 5 жылда 20-дан астам телехикая, бірнеше көркем фильм шығарған. Ал, отандық Tiger Films продюсерлік компаниясы бүгінге дейін 30-дан астам фильм түсірген. Картинаның алдын ала көрсетіліміне екі елдің кино мамандары мен жұлдызды қонақтар қатысты. «Бұл – ортақ жобаның бастауы», - дейді шығармашылық топ.
Хван Дон Соб, Big Ocean бас директоры:
- Бұл біздің қазақстандық Tiger Films-пен алғашқы жобамыз. Түсірілім алаңында болдық. Іскерлік байланыс орнатқанымызға өте қуаныштымыз. Болашақта да бірлескен ремейк немесе басқа да фильмдер түсіруді жоспарлап отырмыз. Актерлік құрам жақсы таңдалған. Басты рөлдегі Олжас пен Аиданың образы керемет шыққан.
90 минуттық картина қоғамдағы отбасы құндығы, ажырасу сынды түйткілді түсіндіреді. «Жап жас ата» комедиялық драмасы бүгіннен бастап еліміздегі барлық Kinopark және Kinoplexx кинотеатр желісінен көрсетіледі.
Авторлары: Аршын Кемелжан, Радик Жакупов