Талдықорғанда өрттен зардап шеккен балалар жансақтау бөлімінен шығарылды

Талдықорған қаласындағы өрттен зардап шеккен балалар жансақтау бөлімінен травматология бөліміне ауыстырылды.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы хабарлады.

Ләйлім Әубікірованың сөзінше, қос бүлдіршіннің жағдайын дәрігерлер орташа ауыр санатқа жатқызып отыр.

Айта кетейік, 14 қаңтарда Алматы облыстық Төтенше жағдай департаментіне көп қабатты пәтерлердің бірінде өрт шыққаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 4 адамды ажалдан арашалап алған.