Қазақстанда эпидахуал нашарлап барады

Еліміздің бірқатар өңірінде эпидахуал нашарлап, карантин талаптары күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр. Жаңа қаулыға сай Алматыда 1 ақпаннан бастап мәдениет нысандары – театрлар мен кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылады. Бұдан басқа, қалааралық туристік тасымалдар шектеліп, сауда-ойын сауық орталықтары мен сауда үйлері тек жұмыс күндері ашық болады. Демалыс күндері жұмыс істемейді. Ал коронавирус жұқтырған науқастар міндетті түрде ауруханаға жатқызылады.

Павлодар облысында да шектеулер алынған жоқ. Облыста демалыс күндері локдаун жарияланып, қоғамдық көліктердің жүруіне тыйым салынды.

Айта кетейік, Павлодарда жыл басынан 6 мыңнан аса нысан тексерілген. Олардың 40 шақтысы әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берді.