«Astana LRT» ісі: екі күдікті әлі іздеуде

«Astana LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен қала әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбеков интерпол желісі бойынша іздестіріліп жатыр.

Мұны жемқорлыққа қарсы агенттіктің екінші департамент басшысы Сергей Петров айтты. Қос күдікті мұхит асып кеткен болуы мүмкін. Құзырлы органдар олардың ізіне түскен көрінеді. Қазір осы іске қатысы бар деген күдікпен 7 адамның ісі сотта қаралып жатыр.

Сергей Петров, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші департамент басшысы:

«Astana LRT» ісі қазір сотта қаралып жатыр. Күдікке іліккен 7 адам бар. Одан бөлек, тағы 2 күдіктіні интерпол желісі бойынша іздестіріп жатырмыз. Олардың қайда екенін анықтадық десек болады. Қазір өзге де құзырлы орындармен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз.

Агенттік қызметкерлері Шымкенттегі модульдік аурухананы салатын кезде ақша ұрланған болуы мүмкін дейді. Қазір олар бұл жайтты жіті тексеріп жатыр. Әзірге нақты бір адамдар күдікке ілінбеген. Ал Алматыдағы модульдік аурухана құрылысына қатысты жайттар аудиттік тексерістен кейін белгілі болмақ.

Сондай-ақ...