Қазақстанда тұрғындары коронавирус жұқтырмаған өңір анықталды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пандемия кезінде бірде-бір коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген Меркі ауданы Аспара ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлады Tengrinews.kz Жамбыл облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Аспара ауылдық округінің құрамына кіретін үш елді мекен – Аспара, Қайыңдысай және Құмарықта 1,6 мың адам тұрады. Аудан бюджеті – 50 миллион теңге, 99,9 процент игерілді. 37 шаруа қожалығында дәстүрлі түрде бидай, арпа және беде үшін бөлінген 11,2 мың гектар егістік жер бар. Мал басы өсіп жатыр.

Аймақ басшысы тұрғындар өз денсаулығына және өзгенің денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек екенін еске салды.