«Қазақстан темір жолы» әкімшілік ғимаратының шатырын жел ұшырып әкетті

Ақмола облысының Бұланды ауданында қатты жел «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Әкімшілік ғимаратының төбесін жұлып түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ақпанның 7-де сағат 09:30-да Бұланды ауданының Макинск қаласында теміржол станциясының кезекшісінен қатты желдің салдарынан «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Әкімшілік ғимаратының аумағы 100 шаршы метр шатыры бұзылғандығы туралы хабар түсті. «Зардап шеккендер жоқ. Шатырға жөндеу жұмыстары 2020 жылы жүргізілді», - деп атап өтті ведомстводан. Айта кетейік, Ақмола облысында бұрқасын мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғып, екпіні 23-28, кейде 30 м/с жететінін, ал ауа температурасының 0-2 жылудан 11-13 аязға дейін төмендеуін болжаған болатын.

Сондай-ақ...