ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні жүргізілді

Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 ақпанда қар көшкінінің алдын алу шаралары «Алтай-Путинцево» тас жолының 37-шақырымында жүргізілді.

«Өңірдегі құбылмалы ауа райы мен желдің күшеюіне байланысты аталған жол учаскесінде көшкін жүру қаупі арта түскен. Соған орай жасанды жолмен 250 текше метр қар түсірілді. «Қазселезащита» мекемесінің қызметкерлері бірден қарды тазалап, жолды ашты», - делінген хабарламада.

Осы ретте ведомство өкілдері өңір тұрғындарына таулы жерлерге бармауға кеңес береді.

Сондай-ақ...