Коронавирус: 255 адам ауыр жағдайда жатыр

Елімізде 21 994 адам коронавирус инфекциясынан (13 644 КВИ+ және 8 350 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 4 900 пациент стационарда, 17 094 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:
• 255 адамның жағдайы ауыр;
• 40 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.