Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеген ойынхана анықталды

Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеген ойынхана анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Профилатикалық-рейдтік шараларды жүргізу барысында карантинге қарамастан келушілерге қызмет көрсеткен компьютерлік ойынхана анықталды. 19 ақпан күні сағат 22:51 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Байтұрсынов көшесі бойында орналасқан компьютерлік ойынхананың жасырын жұмыс жасап тұрғанын анықтады. Осыған сәйкес карантин режимін және шектеу шараларын сақтамағаны үшін іс-құжаттар рәсімделді.

Анықталған құқықбұзушылық жайтына қатысты нысан иесіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жинақталған материалдар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданған. Жалпы, тәртіп сақшылары тұрғындарға тұрақты түрде карантин талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.