Атырау облысында эпидахуал тұрақталды

Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, мұнайлы өңір бүгін «жасыл аймаққа» қайта өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте 28 адамның ауру жұқтырғаны анықталыпты. Оның 18-і Теңіз кенішінен тіркелген. Қазір ондағы инфекциялық стационарда 238 науқас ем қабылдап жатыр. Өңір «жасыл аймаққа» өткенімен, әзірге өзгеріс болмайды. Егер 1 апта көлемінде жағдай тұрақты болса, онда біртіндеп карантиндік шектеулер алына бастайды.

Амантай Жұмағалиев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті директорының орынбасары:

– Аурушаңдыққа байланысты 1 наурызға дейін ешқандай өзгеріс болмайды. Біздің облысымыздың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 10 ақпанда шыққан қаулысы бар. Сол қаулыда рұқсат етілген уақыт шектелген не рұқсат етілген нысандар ғана жұмыс істей береді. Күні бүгінге рұқсат берілмей тұрған нысандар 1 наурызға дейін деген шешім қабылдай алмаймыз.