Бес жүзге жуық адам шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келді

27 ақпанда Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 23 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды coronavirus2020kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәліметінше, өткен бір тәулікте елімізге барлығы 2 908 жолаушы ұшып келді. Олардың 2435-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 473-і анықтамасыз келді, барлығы Қазақстан азаматтары.

Атап айтқанда:

- Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 058 жолаушы, анықтамамен - 1 793, анықтамасыз - 265;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 473 жолаушы, анықтамамен - 415; анықтамасыз - 58; - Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 234 жолаушы, анықтамамен - 84; анықтамасыз - 150;

- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 143 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. Сондай-ақ 26 ақпанда шетелден анықтамасыз келген Қазақстанның 339 азаматының ПТР-талдау нәтижелері шықты. Жолаушылардың ешбірінен коронавирус анықталған жоқ.