Наталья Дементьева: Қазақ халқына ризашылығымызды білдіреміз

Елордадағы мерекелік шаралардың бірі «Қазақ еліне мың алғыс!» монументінің алдында өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени орталықтардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары және жастар қатысты. Іс-шара барысында олар Алғыс айту күнінің тарихына тоқталып, оның мән-мағынасын өскелең ұрпаққа түсіндірудің маңызы жөнінде айтты. 

Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл бәрімізді қуантатын мереке. Мен үшін мерекенің маңызы өте зор. Өйткені біз, өзге этнос өкілдері Қазақстан жерінде, киелі қазақ жерінде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Қазақ халқы сонау қиын-қыстау заманда өз қиындықтарына қарамастан өз панасына әртүрлі этнос өкілдерін жинап алған. Сол үшін қазақ халқына ризашылығымызды білдіреміз.