Енді кез келген ХҚКО-дан зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтініш беруге болады

Енді кез келген ХҚКО-дан зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтініш беруге болады
gov.kz

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов бүгінгі таңда әлеуметтік-еңбек саласында 44 қызмет түрі көрсетілетінін, оның ішінде 40 қызмет (91%) электрондық түрде көрсетілетінін, оның 18-і проактивті екенін хабарлады.

Электрондық және проактивті форматта көрсетілетін қызметтер үлесін арттыру мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, халыққа қызмет көрсету тәсілдері мен процестерін өзгерту бойынша жұмыс басталды, Мемлекеттік қызмет көрсетуді трансформациялау және реинжинирингі бойынша ұсыныстар әзірленді.

«Қызмет алушыларға ыңғайлы болу мақсатында біз зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтініштерді эксаумақтық қабылдау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Енді азаматтар қай жерде орналасқанына қарамастан, кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтініш бере алады. Қызметтерді кезең-кезеңмен ауыстыруды ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап іске қосу жоспарлануда», – деді Оспанов.