430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды

  • 148
  • UPD: 16:21, 05.03.2021
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады zakon.kz.

«Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық іс-әрекеттері салдарынан кәсіпорынға 122 миллион теңге көлемінде аса ірі шығын келтірілді», - деп хабарлады облыстың ПД.

Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 4-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынды.

Қазіргі уақытта қаскөйлерді анықтауға бағытталған процедуралық шаралар кешені жүргізілуде.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі криминалдық полиция мен тергеудің тәжірибелі қызметкерлерінің арасынан осы қылмысты жасауға қатысқан адамдарды анықтау және табу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылғанын хабарлады.

Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Хабар 24 телеарнасы