Коронавирус: еліміздің стационарларында 4713 адам емделуде

Елімізде 18 558 адам коронавирус инфекциясынан (14 050 КВИ+ және 4 508 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 4 713 пациент стационарда, 13 845 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:
• 231 адамның жағдайы ауыр;
• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.