Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 348 науқастың жағдайы ауыр

28 наурыздағы мәлімет бойынша 23 310 адам коронавирус инфекциясынан (21 007 КВИ+ және 2 303 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 811 пациент стационарда, 15 499 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 348 адамның жағдайы ауыр;
  • 81 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 52 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.