Павлодар облысында «Вакцинация волонтерлері» атты науқан басталды

«Бірге» кеңсесінің белсенділері халыққа COVID-19-ға қарсы екпенің ұтымды тұстары әрі профилактикалық маңызы жайлы ақпараттық жадынамалар таратты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жастар халық көп жүретін орындарды аралап, мол ақпарат беруді көздейді. Өңір волонтерлері эпидахуал ушыққан кезде инфекциялық госпитальдерде дәрігерлерге көмектесті. Волонтерлердің еңбегі республика деңгейінде де жоғары бағаланды.

Еркежан Күнтуған, «Бірге» фронт кеңсесінің аймақтағы басшысы:

- Коронавирусты алдын алудың ең бір жолы ол, әрине, вакцина. Сондықтан да бүгінде Павлодар облысының волонтерлік фронт офисінің волонтерлері халықты вакцина қабылдауға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін осындай орталық көшелерге, халық көп шоғырланған жерлерге шығып жатыр.