Сапасыз жолдар: Қ.Тоқаев Үкімет пен әкімдерге тапсырма берді

Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында осылай деді.

«Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр.

Үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырдым», - деп жазды Президент.