429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда баспана сатып алу бойынша жасалған келісімдер саны артқан

  • 106
  • UPD: 15:22, 12.04.2021
Қазақстанда баспана сатып алу бойынша жасалған келісімдер саны артқан kazaknews.kz

Қазақстанда наурыз айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 52 673 келісім жасалған.

Бұл ақпан айымен салыстырғанда 28,2 процентке көп. Ал ақпанда бұл көрсеткін 90,5 процентті құрап еді.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Атырау (+66.3 %), Ақтөбе (+50.6 %) және Маңғыстау облыстары (+48.4 %) жоғары көрсеткіш тіркелген. Нұр-Сұлтанда -0.8 %-ке төмендеген.

Айдың көшбасшылары өзгеріссіз, деп жазады krisha.kz:

– Маңғыстау облысы – 9852 келісім;

– Нұр-Сұлтан – 6524;

– Алматы – 6481.

Ал СҚО (523), Қызылорда (884) және Жамбыл облыстары (970) тізімнің төменгі жағында тұр.

Осы 52 673 келісімнің 40 098-і пәтерлерге тиесілі, ал 12 575-і – үйлер.

Хабар 24 телеарнасы