Елорда маңындағы аумақтарға әуеден бақылау жасалды

Еліміздің бірнеше аймағындағы кей өзендерде сең жүре бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында өзен-көлдерде мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Тасқынның алдын алу үшін аталған өңірлердегі су қоймаларында су жинауға қажетті орындар әзірленеді. Жағдайды бақылауда ұстау үшін жауапты ведомство өкілдері әуеден барлау жұмыстарын тұрақты жүргізеді. Бүгін Ақмола облысының әкімі, Төтенше жағдайлар министрі және Премьер-министрдің орынбасары елорда маңайындағы елді кемендерді тікұшақпен аралады. Ұшу барысында Астана су қоймасы мен Нұра өзені арнасының бойындағы Преображенск су торабының жағдайы тексерілді.