Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуде кемшілік көп – депутат

Жыл сайын қаруар қаржы бөлінсе де нәтижие аз.

Осылай деген Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков Үкіметке сауал жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның сөзінше, арнайы жол картасын іске асыру үшін 2020-2023 жылдарға 160 млрд теңге қаралған. Алайда жыл сайын көктемде жүздеген елді мекен су астында қалады. Тіпті елорданың іргесіндегі ауылдарда жағдай мәз емес. Соңғы 5 жылда 272 ауылды қызыл су басып, 6,5 мың үй суға кеткен. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан өңірінің тұрғындары жыл сайын су тасқынының зардабын көреді. Осы орайда тасқынның алдын алу шараларын күшейту керек дейді депутат.