Ақтөбе облысында балалар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейді

Кеше бір күн ішінде 22 оқушыдан қауіпті дерт анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар аурудың етек жаюын мутацияланған вирус штамының таралуымен байланыстырады. Ал, оқушылар мектепке бара ма? Болмаса онлайн оқи ма, бұл жағдай эпидемиологиялық ахуалға орай қабылданбақ.

Айта кетейік, өңір әлі де «қызыл аймақта». Өткен тәулікте 206 адамның дертке шалдыққан. Мұндай көрсеткіш облыста соңғы уақытта тіркелмеген еді. Қазір медицина мекемелерінде 646 науқас ем қабылдап жатса, 46 адам жансақтау бөлімшелерінде жатыр.

Мұхтар Сербаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Соңғы кезде коронавирус инфекциясының жаңа штамы пайда болуына байланыстыһ«британдық» деп айтылады, инфекцияның одан әрі өсуі байқалып отыр. Оның ішінде балалар арасында инфекцияның тіркелуі орын алып отыр. Сондықтан әлі де болса сіздерге айтатынымыз – ол масканы міндетті түрде тағып жүру, әлеуметтік арақашықтықты сақтау.