Елордада вирусқа қарсы екпенің 55 мың дозасы бар

«Қызыл» аймақтағы өңірлер эпидахуалын жақсарту үшін вакциналау қарқынын үдету керек дейді мамандар.

Бұл мақсатта сауда-ойын сауық орталықтарында екпе салу орындары ашылып жатыр. Мәселен, елордада медициналық мекемелермен қатар, «Керуен», «Хан Шатыр» және «Абу Даби Плаз» кешендерінде арнайы пунктер ашылды. Вакцина салдырғысы келген кез келген азамат алдын ала жазылмай-ақ бірден кезекке тұра алады. Бүгінде қоймада екпенің 55 мың дозасы бар. Оның ішінде 6 мыңы – отандық препарат.

Елорданың соо вакциналау орындары:

«Керуен» СОО – Достык көшесі, 9

«Хан Шатыр» СОО – Тұран көшесі, 37

«Mega Silk Way» СОО - Қабанбай Батыр көшесі, 62

«Абу Даби Плаза» кешені – Сығанақ көшесі, 16/5

Сондай-ақ...