«Ashyq» қосымшасы тиімді ме?

«Ashyq» қосымшасы енгізілгелі қоғамдық орынға кірмек болған 809 адамның ауру жұқтырғаны анықталды.

Яғни жоба өз тиімділігін дәлелдеді. Сондықтан әкімдер кәсіпкерлік субъектілерде ашық жобасын енгізу жұмыстарына күшейту керек. Ашық жобасы Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында пилоттық жоба ретінде қаңтар айында енгізілген еді. Кеше бүкіл ел аумағында іске қосылды. Бүгінде қосымшаны 2 мыңға жуық нысан, 380 мыңдай азамат қолданады. Алдағы бір аптада қолдануға ниетті кәсіпкерлік нысандар саны 5 мыңға жетеді деген болжам бар.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

– Кешегі күннен бастап кәсіпкерлік нысандарында «Ashyq» қосымшасын пайдалану басталды. Атап айтқанда, кинотеатрлар мен театрларда бұл жоба тиімді іске асуда. Енді «Aшық» жобасы аясында кафе мен мейрамханалар, сонымен қатар көрмелер, сауда орталықтары және спорт объектілері, соның ішінде, фитнес залдары ашылуға дайын. Жалпы, қазіргі жағдайда «Ashyq» қосымшасын кеңінен пайдалану бизнеске өз қызметін жандандыруға мүмкіндік береді.