Ashyq қосымшасына тіркелген кәсіп иелерінің жұмыс уақыты ұзарды

Ashyq қосымшасына тіркелген кәсіп иелерінің жұмыс уақыты ұзарды

Алматыда Ashyq қосымшасына тіркелген кәсіп иелерінің жұмыс уақыты ұзарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мейрамханалар, кафе мен жазғы алаңдар 50%-тік шектеуді сақтай отырып, таңғы 07:00-ден  түнгі 00:00-ге дейін ашық болады. Театр мен кинотеатрлар, концерт залдары 30%-тік шектеумен жұмыс істейді. Бильярд клубына келушілер саны да осы межеден аспауы тиіс. Тастаяқ шеберлері сағат 12:00-ден түнгі 00:00-ге дейін ойнай алады. Компьютерлік клубтар 16 жастан асқан адамдарды ғана қабылдайды. Сауна, СПА-орталықтар, бассейндер, спорт кешендері мен сауықтыру-фитнес орталықтарына шектеу жоқ.