Таразда жолақы қымбаттады

Бүгіннен бастап қоғамдық көлікте жүру құны 20 теңгеге өсіп, 85 теңге болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бағаның көтерілуіне жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің шарықтап кетуі себеп болған. Қазір жергілікті нарықта жанармай 40%, ал қосалқы бөлшектер 50%-ке дейін көтеріліп кеткен. Қалада пандемияға байланысты күнделікті 32 бағытта 250-ге тарта автобус қатынайды. Тасмалдаушы компаниялар тасмалдау қызметі өзін өзі ақтамайтындығын айтып, шағым білдірген. Қалалық әкімдік бағаның 2017 жылдан бері өспегендігін алға тартып отыр. Тарифті көтеру туралы шешім жан-жақты зерттеу, зерделеуден кейін қабылданған. Алайда тұрғындар бұл шешіммен келіспейді.

Блиц 1:

- Қымбаттағанда немене? Оған зейнетақымыз жетіпейді. Біз айтсақ та, айтпасақ та қымбаттатып отыр.

Блиц 2:

- Көнеміз, көнбесек те осы ғой енді. Амал жоқ.

Блиц 3:

- Жолақы төлемеу үшін екі-үш аялдама жаяу жүресің.

Блиц 4:

- Картаңыз болмаса 130 теңге. 85 теңге біздің өңірге ол қымбат деп ойлаймын. 65 теңге болып қала бергенде дұрыс еді. Еш болмаса 70 теңге болса да, кішкене халыққа тиімді болар еді.

Асхат Есеналиев, қала әкімінің орынбасары:

- Тарифті көтерудің басты мақсатының бірі – тасмалдаушы компаниялардың автобустарын жаңарту. Бұл бағытта біз былтырғы жылдан бері қарай бірнеше компаниялармен кездесіп, келіссөздер жүргіздік. Автобустар бар ұзындығы 8,5, 10,5 метрлік. Содан кейін мүгедек жандарға қолайлы дейді. Сондай автобустарды сатып алу – басты мақсатымыз.

Сондай-ақ...