Шымкентте қызметін мінсіз атқарған полицейлер марапатталды

Шымкентте қызметін мінсіз атқарған полицейлер марапатталды

Отан қорғаушы күні қарсаңында шымкенттік полицейлердің мерейі үстем болды.

Жүзге жуық тәртіп сақшысына қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін мерейтойлық медальдер мен алғыс хаттар табысталды. Бұл күні шен алып, бір саты жоғарылаған полицейлер де салтанатты жағдайда марапатталды. Іс-шарада Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов «Қазақстан Республикасының шифрлау қызметіне 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Сондай-ақ 17 қызметкерге алғыс жарияланып, 9 қызметкердің тәртіптік жазасы мерзімінен бұрын алынды.   

Мұхтар Бұхарбаев, ПД ЖПҚБ бастығы, полиция полковнигі :

- Біздің атқарып жатқан жұмысымызды ІІМ бағалады. Арнайы қуанышты жағдай шен алып отырмыз. Біздің басты мақсатымыз Отанды қорғау, Шымкент қаласы қоғамдық қауіпсіздік, қылмыстың алдын алу, болдырмау мақсатында жұмыс жасау.