Петропавлда Есіл өзені жағалауының бір бөлігі сатылымға шығарылды

Петропавлда Есіл өзені жағалауының бір бөлігі сатылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бағасы – 15 миллион теңге. Бұл хабарландыру жергілікті халықтың наразылығын тудырды. Тұрғындар 50 сотық жер учаскесі бұрыннан бері жекенің қолында екенін біледі. Ал жылжымайтын мүлік гидротехникалық құрылысқа жақын орналасқан. Оның үстіне халық мұнда табиғатты тамашалау үшін жиі жиналады. Сондықтан халық су қоймасы жанындағы аумақты сату ақылға қонымсыз деп есептейді.

Аскар Хабибулин, қала әкімінің орынбасары:

- Аталған жер телімі 2006 жылы қала әкімінің қаулысымен берілген. Ол кезде шаһар басшысы Никандров мырза еді. Ал 2019 жылдың қазан айында жер инспекциясы тексеру жүргізді. Учаске су қорғау аумағында орналасқандығы расталды. Яғни, мұнда ешқандай құрылыс жұмыстарын жүргізуге болмайды.