Ерейментауда тағы бір жел электр станциясы іске қосылды

17 мұнарадан тұратын нысан сағатына 30 мегаватт қуат береді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мүмкіндігі ауданды жарықпен қамтамасыз етуге толық жетеді дейді мамандар. Алайда, өндірілген энергия қазір жалпы республикалық электр желісіне құйылып жатыр. Жобаның құны 7 млрд теңгеден асады. Алдағы жылдары дәл осындай электр станциясы Торғай ауылында салынады. Жергілікті билік өкілдері салаға қызығушылық танытып отырған инвесторлар көп. Жалпы облыс бойынша қазір бес жел электр станциясы жұмыс істеп тұр. 2023 жылға дейін тағы бірнеше жоба жүзеге асырылады деп күтілуде дейді. Алдағы уақытта аймақтағы баламалы қуат көзінің үлесі 45 процентке жетуі тиіс.

Арман Мұхамеджанов, Ерейментау аудандық кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі:

– Жалпы жел электр станцияларынан жергілікті бюджетке түсетін қаражат сомасы 250-300 млн теңге төңірегінде. Ол екеуінен ғана. Келесі жылдары қалған екі жоба жүзеге асырылғаннан кейін 500-600 млн теңге төңірегінде салық түсетін болады және де әрбіреуінде 20-ға жуық тұрақты жұмыс орындары ашылады.