Риддерде өрттен зардап шеккен отбасыларға жаңа баспана салынып жатыр

Риддер қаласында өрттен зардап шеккен отбасыларға салынатын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінге дейін кейбір баспаналардың 60%-і тұрғызылды. Үйлер сапалы салынуы үшін тұрғындар арасында арнайы комиссия да құрылған. Алапат өрттен 32 үй жанып кеткен болатын. Президент тапсырмасы бойынша жаңа баспаналарды мемлекет тегін салып береді.

Қайрат Исинов та алапат өрт кезінде үйсіз-күйсіз қалған. Қазір ол қазір отауында тұрып жатыр. Баспанасы өртеніп кеткен тұрғындар үшін қала шетінен жер бөлініп, жаңа үйлер сонда салынып жатыр. Әрбір баспана 80 шаршы метр болады.

Қайрат Исинов, Риддер қаласының тұрғыны:

- Бір жұмада сыртқы жұмысын істеп тастады. Кешеден бері келіп жүрміз. Бізде комиссия бар. Келеді, қарайды. Қалай құрылыс болады. Комиссияда құрлыс басқармасынан бізден екі адам қадағау жасаймыз, өзіміз.

Үйлердің сапалы салынуына мердігер компаниялар да кепілдік беріп отыр. Жаңадан салынатын баспаналарды «Востоквзрывпром», «ВК Инвест Компани», «Облшығысжол», «Сұңқар» және «Казпрофстрой Холдинг» тәріздес белді құрылыс мекемлері те бөліп алған.

Жәнібек Жамантықов, «Облшығысжол» ЖШС өкілі:

- Жоба бойынша бәрін өткізіп жатырмыз. Материлардардың бәрі орнында жүз процент келді. Уақытында бітіреміз. Алты үйді бастап қойдық. Төрт үйді 70% бітірдік. Енді 2 үй қалды бастаймыз.

Жаңа үйлердің құрылысына шығыстың шыңылтыр аязына шыдас беретін материалдар қолданылып жатыр. Ең негізгісі, үй құрылысының сапасын тұрғындар өздері келіп бақылап жүр.

Елена Маслакова, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

- Биылғы жылы инфрақұрылым толық таратылады. Яғни электр желілері, жолдар, тротуарлар, көшелерді жарықтандыру және ойын алаңдарын абаттандыру. Бұл үйлердің құрылысы облыс әкімі Даниал Ахметовтың тікей қадағалауында тұр

Мердігерлер барлық үйді тамыздың басына дейін толық салып бітіріп, кілтін бермек. Қазірдің өзінде кейбір үйлердің қабырғасы қаланып, қойды. Ал тұрғындар да құрылыстың тезірек бітуін күтіп жүр

Авторлары: Шығыс Қазақстаннан Олжас Керейхан Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин, Жігер Бабаканов