Қарағандыда жарылыстың себебі анықталды

Кеше Қарағандыдағы 5 қабатты үйде болған жарылыстың себебі анықталды.

Мамандардың сөзінше, үйдегі орталық газ жүйесінен ақау шыққан. Оқиға орнынан 25 жастағы ер азаматтың мәйіті табылды. Қазір оқиғаға қатысты іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалған.

Нұргүл Есенберлина, оқиға куәгері

– Мынаның артқы жағындағы дәріханадан секіріп бара жатты. Жарылыстың қатты болғанынан өзіміз шошып кеттік. Жер сілкінді ме деп ойладық. Газ жарылғанда солай болады екен ғой. Әйтеуір бәрімізді сақтап қалды.