France Presse: Әлемнің алты мемлекеті вакциналауды әлі бастаған жоқ

Әлемде коронавирусқа қарсы жасалған екпе саны 2 миллиардтан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл көрсеткіштің жартысынан астамы үш елге – Қытай, АҚШ пен Үндістанға тиесілі. Салынған дозалар саны бойынша әлемде бірінші орында Қытай тұр. Мұнда 700 миллион екпе жасалған. Ал препараттың қажетті екі дозасын алғандар бойынша Сейшел аралдары мен Израиль алда келеді. Екі елде де толық егілген тұрғындар саны 60%-тен асады. France Presse агенттігінің хабарлауынша, осы күнге дейін әлемнің 6 мемлекетінде әлі вакциналау науқаны басталмапты. Бұл – Солтүстік Корея, Гаити, Танзания, Чад, Бурунди және Эритерия.

Сондай-ақ...