Жетісай қаласында жаңа шағын аудан салынып жатыр

Түркістан облысы Жетісай қаласында жаңа шағын аудан салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

200 пәтерлі 6 көп қабатты үй бой көтереді. Баспана кезекте тұрғандарға мемлекеттік бағдарлама бойынша беріледі. Құрылыс құны 1 млрд теңгеден асады. Тұрғын үйлер жыл соңына дейін тапсырылады.

Айта кетейік, бұған дейін ауданда 1200 оқушыға арналған мектеп салынған еді. Енді аулаларды абаттандыру, жарықтандыру және балалар алаңдарын салу жоспарланып отыр.

Мұса Әбиболлаев, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Электр желілері жүріліп бітіп қалды. Келесі шілде айында тапсырамыз. Және ауыз су да жүріп отыр. Шілде айында тапсырамыз. Газ бен канализацияға қаржы бөлінді. Шілде айында жұмысты бастайтын шығар деп отырмыз.