Түркістан облысында жоғалғандарды іздестіруге республикалық жасақ тартылды

Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен туристерді іздеуге республикалық жедел-құтқару жасағы тартылды.

Алматыдан арнайы келген топ  Айғыржыққан өзенінің арнасын сүзіп шығады. Осыған дейін жергілікті құтқарушылар, полиция қызметкерлері және еріктілер 1500 шақырым таулы жерлерді жаяу аралап, 10 мың шақырымнан астам жерді тікұшақпен қарап шыққан. Студенттерді іздеу жұмыстары әзір нәтижесіз. 

Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Жоғалған екі турист жігітті іздестіру жұмыстары өте қиын таулы аумақтарда жүргізілуіне байланысты сонымен қатар адам ол жерге жаяу жүріп бара алмайды. Осыған байланысты «ҚазАвиаспас» АҚ тікұшақтарын пайдалану арқылы жеке құрамды сондай шатқалды, таулы, биік аймақтарға тастап іздестіру жұмыстары жүргізілуде.