Үкімет пен халық біртұтас болуы керек – А.Соловьева

Ел президентінің адам құқықтары жайлы жарлық шығаруы қоғамда тәртіп қалыптасуына ықпал етеді. Бұл жақсы бастама. Сарапшылар халық пен үкімет  жарлықты жүзеге асырарда ынталы болу керек деген пікірде.

Айгүл Соловьева, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» басқарма төрайымы: 

- Жарлық өзекті тақырыпты қозғады деп ойлаймын. Адам құқығы тұтас мемлекет үшін маңызды. Қоғамға еркіндік сыйлай отыра қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ортақ тәртіпті орнату кешенді жұмысты талап етеді. Сол үшін халық пен үкімет бірігуі керек.