Қызылордада 29 жастағы қыз төрт күннен бері табылмай жатыр

Қызылордада 29 жастағы азаматша төрт күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңақорған кентінде тұратын 1992 жылы туған Агнярова Гүлбейне 17 маусым күні сағат 08:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Бұл жөнінде туыстары аудандық полиция бөліміне арызданған.

«Аталған азаматшаның ерекше белгілері: бойы – 170-175 см, шашы ұзын, қара, көзі қара, домалақ, қыр мұрынды, қалың қасты, домалақ ерінді. Үстіне ақ түсті көйлек, қолында көк түсті сөмке, аяғында ақ түсті туфли киген», - деп жазылған полиция таратқан хабарламада.