Қашықтан жұмыс: Сенаторлар өз коммуникация құралдарын пайдаланған қызметкерге өтемақы төлеуді ұсынды

Сенаторлар қашықтан жұмыс істеу кезінде өзінің коммуникация құралдарын пайдаланған қызметкерге өтемақы төлеуді ұсынды.

Тиісті заң жобасын жоғарғы палата депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа сай, өтемақының мөлшері, төлеу тәртібі мен мерзімі тараптардың өзара келісімімен белгіленеді. Сондай-ақ құжат тараптардың келісуі бойынша қашықтан және қашықтан аралас жұмыс істеу ұғымдарын енгізуді көздейді. Депутаттардың сөзінше, әзірге аталған мәселелер Еңбек кодексінің 138-бабымен ғана реттеледі.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты елімізде қызметкерлердің 70 проценті қашықтан жұмыс істеген.