Шымкентте 600-ге жаңа автобустың жартысы неге жүрмей тұр?

Шымкентте 600-ге жуық жаңа автобустың жартысы қаңтарылып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мәселеге қатысты қала әкімі жауап берді. Мұрат Әйтеновтің айтуынша, қоғамдық көліктер газбен жүреді. Ал, қалада қоғамдық көлікке газ құятын стансаның құрылысы енді аяқталды. Басқасы қосымша ұлғайтылады. Сондықтан былтыр сатып алынған 590 автобустың 300-і ғана қатынап жатыр. Қалғаны тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін жолға шығады.