Вакцина бала көтеруге кедергі келтіре ме?

Вакцинадан кейін бала көтере алмайсың деген қауесетте қисын жоқ.

Бұл жөнінде елордадағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді. Оның айтуынша, екпе салу мен жүкті болу арасында байланыс болуы мүмкін емес. Сондықтан қала тұрғындарына вакцина салдыруға кеңес берді. Қазірдің өзінде бас қаламызда екпе алу бойынша белсенділік жоғары. Әсіресе, пәтер мен көлік ұтысқа қойылғаннан кейін екпе алуға ағылғандар саны күрт артқан. Соның арқасында бүгінге дейін 210 мың адам вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерді.

Сондай-ақ...