424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артуда

  • 117
  • UPD: 16:10, 01.07.2021
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артуда

Алматыда 30 маусымда КВИ-дің 305 жағдайы тіркелді. Қаланың санэпидемиологиясы адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болуға және вакциналануға шақырады.

Алматыда 1 шілдедегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 74 306 жағдайы тіркелді, оның 57 841-і симптомды және 16 465-і симптомсыз, анықталмаған пневмония – 1993.

30 маусымда коронавирус инфекциясының 305 жағдайы тіркелді, оның 282-сі симптомды, 23-і симптомсыз. Тәуліктік өсім 0,4%-ті құрайды. Репродуктивті саны – 1,287. 29 маусымдағы жағдай бойынша зерттелген сынамалардағы үнді штаммының үлес салмағы – 78,3%.

Инфекциялық стационарларда 703 адам жатыр, оның 53-і балалар. Жалпы науқастардың ішіндегі 16 пациенттің жағдайы өте ауыр, 153-і ауыр, 534 – орташа ауырлық дәрежеде. Реанимация және интенсивті терапия бөлімдерінде 54 науқас жатыр. ӨЖЖ аппаратында жатқан науқастар – 11, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында – 23, High flow аппаратында – 18.

Бүгінде АМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтары үйдегі 1507 науқасты бақылауда, олардың 213-і симптомсыз, 1271-і жеңіл, 23-і орташа ауырлық дәрежеде. Пациенттердің жалпы санынан 205 пациенттер инфекциялық стационарлардан шығарылды, қазір олар оқшаулануда және бақылауда.

Бүгінде КВИ-дің 1295 белсенді ошақтары бар. Олардың басым көпшілігі Әуезов ауданында, мұндағы 5255 ошақтың 252-сі белсенді. Алмалы ауданындағы 5887 ошақтың 238-і белсенді. Алатауда 4047 ошақтың ішінен 191 белсенді, Бостандықта 5444 ошақтың 153-і белсенді. Медеуде 4919 ошақтың 144 белсенді. Дерт тіркелген орындар – үйлер, пәтерлер, кеңселер және т.б. белсенді ошақтар болып саналады. Олар 14 күн бойы бақылауға алынады.

Соңғы 7 күнде 20-39 жас аралығында КВИ-ді 394 адам (37,6%) жұқтырған, 40-59 жас аралығындағыларда 243 жағдай (23,2%), 60 жас және одан жоғарыдағыларда 211 жағдай (20,1%). 14 жасқа дейін 131 жағдай (14,6%), 15-19 жаста 46 (4,4%) және 1 жасқа дейін 22 жағдай (2,1%). Осылайша, дәрігерлер мен санитарлық дәрігерлер қоғамның ең белсенді санатының инфекцияны тез жұқтыратынын айтты.

Соңғы аптадағы мәліметтер бойынша инфекция қоғамдық орындарда (54,2%), яғни кафелер, мейрамханалар, түнгі клубтар және басқа да жаппай жиналу орындары тез таралуда. КВИ дертіне шалдыққанмен байланыста болғандар да бар, инфекцияның 24,4%-і отбасыда жұққан.

Сондықтан Алматыдағы КВИ-дің таралуының алдын алу жөніндегі қалалық штаб эпидемиологиялық жағдайдың ушыққанын ескере отырып, алматылықтар мен қала қонақтарын мерекелік демалыс күндері қарсаңында қоғамдық орындарға барудан бас тартуға шақырады. Сонымен қатар санитарлық қауіпсіздік шараларын, оның ішінде бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет. Жалпы, инфеккциядан қорғаудың жалғыз сенімді әрі тиімді жолы – вакцина салдыру.

Бүгінде Алматыда 461 545 адамға вакцина егілді. Өткен тәулікте 10 340 адамға екпе салдырды. Вакциналанғандардың жалпы санынан 60 жастан асқандар – 78257 адам.

Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдени-спорттық мекемелерде, базарларда және СОСО-да 208 екпе пункті бар. 1256 адамнан тұратын 307 бригада вакцина салуға жұмылдырылған.

Алматыда 28 ПТР зертханасы бар, олардың жалпы қуаттылығы тәулігіне 15 770 сынама жасау. Болашақта олардың қуаттылығы тәулігіне 27 242 сынамаға артатын болады. Бұдан өзге, тәулігіне 3248 сынама жасайтын өткізуге қабілетті ИФС зертханасы бар.

Ақпарат көзі: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы