Елордада құрылысшылардың еңбек құқығы жеке қорғалады

Елордалық құрылысшылардың еңбек құқығы жеке қорғалады. Шаһарда құрылыс саласында қызмет ететін жұмысшылардың «Үміт» кәсіподақ ұйымы ашылды.

Бұдан былай краншы мен кірпіш қалаушылар еңбек дауын осы ұйым арқылы шеше алады. Биылдың өзінде қалада 12 әлеуметтік еңбек кикілжіңі болып, жұмыс берушімен арада наразылық туған. Әсіресе ірі құрылыс компанияларының краншылары бірігіп, еңбегін бұлдап, жалақысын көтеруді талап еткен. Кәсіподақтың араласуымен қазір олардың жалақысын 250 мыңнан 450 мың теңгеге дейін көтерген.

Айдар Қайрат, «Үміт» құрылыс саласы жұмыскерлері қалалық кәсіподағының жетекшісі:

- Біздің «Үміт» атты кәсіподақ тек краншылардың ғана емес, барлық құрылыс қызметкерлерінің құқығын қорғауға дайын. Рұқсат қағазымыз бар. Жұмысында жалақыға байланысты қиыншылық туындаса бізге хабарласып, бізге келуге болады. Алдағы уақытта сіздің жұмысшыңыз егер біздің кәсіподаққа тіркелетін болса, «аспаннан жай түскендей болмаңыздар» міне құрылысшылардың құқығын қорғайтын кәсіподақ ашылды деп, әрбір фирмаға мен өзім жеке кіріп жатырмын.

Төлеген Күнәділов, қалалық кәсіподақтар орталығының төрағасы:

- Халықаралық еңбек ұйымының конвенцияларын ратификациялау арқылы ең төменгі жалақы мөлшерін кем дегенде орташа есептік жалақы мөлшерінің жартысындай болуы керек халықаралық стандарттарға сай. Сол деңгейге жеткізу талаптарын қойып жатырмыз.