Жасыбай көлінің жағасында жаңа туристік нысан ашылды

Соңғы үш күнде Баянауылға барған туристер саны рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, Жасыбай көлінің жағасында ине шаншар орын жоқ. Пандемияға байланысты бір жыл үзіліс жасаған туристік нысандар демалушыларға лық толған. Жасыбай көлінің жағасында бой көтерген жаңа демалыс кешені Баянауылдың ғажайып табиғатымен керемет үйлесім тапқан. Мұнда демалушылар киіз үй тәріздес жеке ғимараттарға орналасады. Бір жылдан аса мерзімге созылған карантиндік шектеулер құндылықтарды қайта қарауға мүмкіндік бергені рас. Оның ішінде ішкі туризмге сұраныс артқанын да атап өтуге болады. Баянауылдық кәсіпкерлер енді экологиялық туризмді дамытуға күш салатындарын айтады. 

Қарлығаш Алдабергенова, инвестор:

- Бұл жердің табиғатына қарасаң көз тоймайды. Бірақ алыстан достарыңды әкелсең демалатын дұрыс жер жоқ. Келген адамдарға лайықты демалыс ұйымдастырып, туристік қызметтің сапасын көтеру керек деп ойладым.

Дана Есеева, вайнер:

- Құрдастарымыздың айтуы бойынша енді демалыс зоналары шамалы бұрынғы кезден келе жатыр. Қатты айып етпеңіздер деп айтқан, сөйтіп көрсеңіздер. Бірақ мынандай демалыс зонаны көргеннен кейін әрине, өзіміз таң қалдық. Қуанып жатырмыз.Сондай біздің Баянауыл деген жеріміз бар.