Ақтөбе облысы «қызыл аймаққа» өтті 

Вирустың таралу қарқыны бойынша Ақтөбе облысы «қызыл аймаққа» өтті.

Қазір бұл тізімде Ақтөбемен бірге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары бар.

«Сары аймақ» санатында Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тұрса, Түркістан мен Шығыс Қазақстан «жасыл аймақ» есебінде.