Павлодар облысында өндірісте көбінесе 45 жастан асқан жұмысшылар зардап шеккен

Өңірлік статистика департаменті 2020 жылғы аймақтағы еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік сырқаттар туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz. 

- Былтыр  облыста 128 жазатайым оқиға тіркелді. Зардап шеккендердің жалпы санынан 19,5% әйелдер. Топтық жазатайым оқиғалар кезінде 18 адам зардап шеккен, алкогольден мастану жағдайында зардап шеккендер – 1 адам, - деп жазылған хабарламада. 

 Жазатайым оқиғаның нәтижесінде 39 адам жабық сынық алған, 28 – сыртқы жарақат, 18 – шайқалудан болған жарақат және ішкі ағзалардың жарақаты, 13 – термиялық күйіктер, 10 – басқа сынықтар. 

Зардап шеккендердің жалпы санынан жазатайым оқиғалар кезінде 5 адам қаза болды. Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің көпшілігі – 46 жастан 60 жасқа дейінгі білікті жұмысшылар.

Сондай-ақ...