Ақтауда ойыншық тапаншамен елді қорқытқан әйел жауапқа тартылды

Ақтауда қолына тапанша ұстап, көше кезген әйел елді дүрліктірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуесқой түсірілім әлеуметтік желіде тарады. Күдіктіні полиция ұстады. Әйелдің тұрақты мекенжайы жоқ. Қолына ұстап жүргені ойыншық қару болып шықты. Түсіндіру жұмыстарынан кейін ол еркіне жіберілді.

Айғаным Рахметова, ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі басшысының орынбасары:

- Полицияға бұл бойынша ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодексінің 449-бабы бойынша хаттама жасақталып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Сондай-ақ...