COVID-19: БҚО-да 53 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Батыс Қазақстан облысында да індет өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал аймақта соңғы аптада вакциналау жұмыстарының қарқыны бәсеңдеп кеткен. Өткен тәуліктің өзінде 235 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Алдыңғы аптамен салыстырғанда ауру өсімі 6,7%-ке ұлғайды. Науқастардың жартысына жуығы Орал қаласының тұрғындары. Инфекциялық стационарларда ем алып жатқан адамдардың арасында бұрын вакцина алғандар жоқ. 53 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Шілде айы басталғалы бері зертханаларда орташа есеппен күніне 2 мыңнан астам ПТР сынама тексерістен өтуде.

Арман Қалыбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Өткен аптамен салыстырғанда вакцинация қарқыны 68,4%-ке төмендеді. Жалпы облыс бойынша вакцинаның І компонентімен 155 334 адам егілді. Вакцинаның ІІ компонентімен 91 957 адам егілген.