Талдықорғанда 23 жастағы қыз аяқ киімге телефон тығып түрмеге өткізбек болды

Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/16 тергеу абақтысына 23 жастағы қыз аяқ киімге телефон тығып өткізуге тырысты, – деп хабарлайды Хабар 24 Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Талдықорған қаласының ЛА-155/16 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанға 23 жастағы бойжеткен L8star маркалы ұялы телефонын және SIM-картасын беруге тырысты. Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті алдын алынды. Сәлемдемелерді тексеру кезінде тыйым салынған заттар табылып, тәркіленді.  

«Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жиналды», – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.