Қазақстан мен Өзбекстанның көлік-логистикалық байланысы артады

29 шілдеден бастап «Ақтөбе – Нөкіс» бағыты бойынша жаңа әуе қатынасы ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұшу жиілігі аптасына 2 рет болады. Қазір қазақ-өзбек әуе жолында 32 рейс орындалып жатыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин мен Өзбекстанның көлік министрі Илхом Махкамовтың кездесуінде айтылды. Тараптар өзара сауда көлемін ұлғайту үшін көлік-логистикалық әлеуетті одан сайын арттыруды көздеп отыр. Алғашқы бес айда сауда үлесі 46%-ке өсіп, 1,5 млрд долларды құраған. Еліміздегі экспорт шамамен 59%-ке ұлғайды. Жылдың алғашқы тоқсанында контейнерлік тасымалдар 57%-ке өскен.